Бұрын батыс өңірге тән Амал мерекесі – Көрісу күні қазіргі таңда еліміздің біраз аймағына жұғысты бола бастады. Ұлттық мереке, дәстүр, әдет-ғұрыпқа ерекше мән беретін Алматыдағы Қыздар университеті де жақсы мерекені дәстүрге айналдырып жүр.
Биыл да таңнан Қыздар университетінің ұжымы бір-бірімен құшақ жая амандасып, айдан аман, жылдан есен шыққанына қуанып, ақ тілектер айтып, ән мен күй тербелген айрықша жағдайда атап өтті.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаева мерекенің маңыздылығына тоқталып, соңынан ерген сіңлілеріне:
– Бұл мерекеде дәстүр бойынша, ағайын-әулеттің бас иесіне, ауыл-аймақ ауылдың үлкен ақсақалына, жасы кішілер үлкендерге арнайы барып, хал-жағдайларын, отбасы амандығын сұрап, қол беріп көрісіп, «бір жасымен» құттықтап, ақ баталарын алған керемет дәстүр! Алысты жақындататын, өкпені кешіретін, татулықты арттыратын қандай тамаша мереке. Біз дәстүрімізді сақтау, Ұлыстың ұлы күнін қадірлеу арқылы ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ете аламыз. Амал мерекесімен басталатын Наурыз елімізге құт-берекесімен, молшылығымен келіп, әрбір шаңыраққа қуаныш пен шаттық сыйласын, – деді.
Көрісумен басталған Амал мерекесі бір емес, Арулар ордасының бірнеше ғимараттарында атап өтілді. Өнерпаз қыздар әннен шашу шашса, жігіттер күмбірлете күй шертті. Қыздар университетінің аузы дуалы апа-әжелеріміз қасиетті адыраспан шөбімен «Аластау» рәсімін жасап, «Басымызға баянды бақыт қонсын!» десе, оқу орнының ақсақалдары «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дейтін дана халқымыздың салтыменен жастарға ақ батасын берді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше