Германияның Галле қаласында өтіп жатқан «Chemistry Cup» халықаралық турнирінде 9 қазақ боксшысы жартылай финалға шықты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
64 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Бекдәулет Ибрагимов жарыс жолын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Дегенмен, байрақты бәсекені 9 спортшымыз жалғастырады.
Нақтырақ айтар болсақ, жартылай финалда Әділбек Ниязымбетов (81 кг) украиналық Максим Коцпен, Қайрат Ералиев (56 кг) америкалық Дюк Раханмен, Абылайхан Жүсіпов (69 кг) польшалық Демиан Кивиормен, Ержан Жомарт (49 кг) эквадорлық Карлос Купомен, Азамат Исақұлов (52 кг) америкалық Гилберт Рентеримен, Әділет Құрметов (60 кг) америкалық Деланте Джонсонмен, Әбілхан Аманқұл (75 кг) германиялық Сильвио Ширлимен, Василий Левит (91 кг) украиналық Константин Пинчукпен, сондай-ақ аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев неміс боксшысы Макс Келлермен жұдырықтасады.
Айта кетейік, жартылай финалдың жекпе-жектері бүгін, яғни 16 наурызда өтеді. «Chemistry Cup» турниріне барлығы 13 елден 75 боксшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы толық құрамда (он боксшы) келді.
• 16 Наурыз, 2017
Германиядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына 9 боксшымыз шықты

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше