Алматыда баскетболдан өткен Қазақстан кубогы жолындағы додаға еліміздің таңдаулы деген алты командасы қатысты.
Жеңімпазды анықтаған шешеуші сында «Астана» мен «Атырау барыстары» командалары кездесті. Ойынның бірінші жартысы «Астана» командасының жеңісімен аяқталды. Матчтың үшінші кезеңінде де Атырау командасы астаналықтарды қуып жете алмады. Үшінші кезеңде «Астана» тоғыз ұпай айырмасымен, яғни 47:38 есебімен басымдық танытты. Шешуші және де тартысты ойын болғандықтан, баскетболшылар алаңқай үстінде тәртіпті жиі бұзып та жатты. Әсіресе, кездесудің соңында шаршаңқырап қалған ойыншылар бірінен соң бірі төрешілерден ескертулер алды.
Сонымен, финалда өрнекті де өте қызықты ойын үлгісін көрсеткен «Астана» командасы 66:46 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан кубогының иегері атанды.
Бұдан бөлек, кубок сынының қола жүлдесін қостанайлық «Тобыл» мен ақтаулық «Каспий» командалары өзара сарапқа салды. Бұл матч та аса тартысты өтті. Кездесу барысында жинақы ойнап, жеңіске деген жігерлілік танытқан «Каспий» клубы қарсыласын 99:86 есебімен ұтып, турнирдің жүлдегері атанды.
Жарыс қорытындысында арнайы аталымдар бойынша үздік ойыншылар анықталды. Олардың қатарында Рүстем Мұрзағалиев («Астана»), Рустам Ерғали («Астана»), Павел Ильин («Атырау барыстары»), Антон Пономарев («Астана») және Всеволод Фадейкиннің («Алматылық Легион») есімдері аталды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38