Алматыда үй жануарларына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілмек. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, алдағы уақытта иесі бар ит пен мысықтың
барлығына арнайы микрочип тағылатын болады.
Бұл құрылғының көмегімен қаладағы үй жануарларының цифрлы электронды деректері жинақталады. Деректер қорына ит пен мысықтың түр-түсі, жасы, оған қатысты барлық ақпараттар тіпті қожайынының аты-жөніне дейін түгел жазылады.
– Мұндағы мақсат – Алматы қаласындағы жануарлардың, үй жануарларының нақты есебін анықтау. Бұл − тендер бойынша өткізілетін іс-шара. Сәйкестендіруге 73 миллиондай ақша қарастырылып отыр, – дейді Алматы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Абызбаев.
Мамандардың айтуынша, бұл бастама үй жануарларын асырап отырған азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, тазалық пен қауіпсіздік мәселесінің сақталуына өз үлесін тигізеді. Өйткені, микрочипте әр жануарға жүргізілген ветеринарлық ем-шаралар туралы ақпараттар да толық сақталады. Мамандар «Әрбір үш ай сайын ит пен мысықтарға екпе егіліп тұрған жағдайда, адамға жұғатын лептоспироз, құтырма және басқа аурулардың алдын алуға болады» дейді.
«Ит пен мысықты асырай алмай қаңғытып жіберетіндер көп.Солардың салдарынан иесіз қаңғыбас иттер пайда болады. Алматы қаласында тіркелген 140 мың үй бар. Әр үйде 2-3 ит ұстайды», дейді Алматы қаласы ветеринария орталығы басшысының орынбасары Жылкелді Тілесбаев.
Жалпы, ит пен мысықтың жөн-жосықсыз көбеюін тоқтату мақсатында залалсыздандыру жұмыстарына 117 миллион теңге бөлінген. Жоғарыда айтылған сәйкестендіру шарасы алдағы 1-1,5 ай ішінде іске аспақ.
Арман ОКТЯБРЬ,
журналист

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05