Мен бүгін Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігіндегі қызметі мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жариялаған Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістерге қатысты реформасы туралы өз пікірімді білдіргім келеді.
Президент Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуінің маңызы өте жоғары. Менің ойымша, Президент Н.Назарбаев ұсынған конституциялық реформалар, Қазақстандағы билік тармақтарының арасында теңдік орнату, Парламент пен сот жүйесіне барынша көбірек өкілеттік беру – мақтауға тұрарлық қадам. Мұны Қазақстанның саяси және экономикалық дамуындағы жаңа кезең деп санаймын.
Президент өз сөзінде атап өткендей, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасына президенттік вертикалға негізделген күшті саяси жүйе қажет болды. Соның арқасында, ел таңғаларлық жаңарулардан өтіп, жоғары қарқынды экономикалық өсімге, жан басына шаққандағы жоғары табысқа, экономика, білім беру мен ғылым, спорт және басқа да салаларда көптеген игіліктерге қол жеткізіп, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының ішіндегі ең дамыған мемлекетке айналу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезең табысты аяқталды, енді Қазақстан билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті, демократия үрдістерін нығайтатын жаңа кезеңге аяқ басты. Біздер, мексикалықтар, Қазақстанға Орталық Азияның одан әрі дамуына негіз болып табылатын табыс пен тұрақтылық тілейміз.
Пікір білдіргім келіп отырған екінші мәселе – Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде қатысуы. Бұл орайда, тұңғыш рет Орталық Азияның мемлекеті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып отырғанына ерекше тоқталғым келеді. Орталық Азия соңғы жылдары дүниежүзілік тәртіп құрылымының өзгеруінде айрықша маңызды аймаққа айналып келе жатқанын көріп отырмыз.
Мексика мен Қазақстанның ұстанымдары, әсіресе, ядролық қарудан азат әлем үшін күресте өзара сәйкес келеді. Мексика әлемдегі ядросыз аймақ қалыптастырудағы ең алғашқы Тлателолько келісіміне қол қою жөніндегі келіссөздердің пионері болып табылады, ал Қазақстан – Орталық Азиядағы алғашқы ядросыз аймақтың қалыптасуына негіз болған Семей келісімінің локомотиві. Біз бұл істе біргеміз. Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу үшін біз өзара тығыз әріптестік қатынастарымызды одан әрі жалғастыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл оңай емес. Дегенмен, біз осы орайдағы өз ұстанымдарымызға адал болып қаламыз.
Сонымен қатар, мен Қазақстанның қазіргі сәтте негізгі халықаралық қақтығыстарда дәнекер ел ретінде басты рөлді ойдағыдай атқарып жатқанын атап өткім келеді. Президент Н.Назарбаев Ресей мен Түркия арасындағы қақтығыстарды реттеуге сүбелі үлес қосты, бұл Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қолдау үшін аса қажет еді. Сондай-ақ, таяуда ғана бейтарап Астанада Сириядағы жағдайға байланысты атыс режімін тоқтатуды қадағалау мәселелері бойынша Түркия, Ресей және Иран бастамашы болған бейбіт келіссөздер өтті.
Мен Орталық Азия үшін, ядролық қарудан азат әлем құруға, сонымен қатар, қарама-қайшылықтарды реттеуге, ізгілікті істер атқаруға, сындарлы бейбіт келісім арқылы қақтығыстарды жоюға ұмтылған барлық елдер үшін Қазақстанның дауысы айрықша маңызды деп санаймын. Қазіргідей қиын кезеңде Қазақстан ұлы державалар арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету және дамушы елдерге қолдау көрсету бойынша аса маңызды рөл атқарады.
Марта Елена Фредерика Барсена КОКЮ,
Мексиканың Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарушы (резиденциясы Анкарада орналасқан)

Жапонияға ай сайын 100 бас жылқыны тірідей жөнелту жоспарланып отыр
Экономика • Бүгін, 11:45
Келісім ұзартылды: «Барыс» хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді
Спорт • Бүгін, 11:20
Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің «Халық әуені» концерті өтті
Руханият • Бүгін, 11:14
Ақмола облысында 20 мың ангусқа арналған ет фермасы салынады
Экономика • Бүгін, 10:50
Атырауда «Шеберфест-2026» фестивалінде 4000-нан астам авторлық жұмыстар ұсынылды
Руханият • Бүгін, 10:27
Жүргізуші, сақ бол: Жолда бұлан бар
Қоғам • Бүгін, 10:22
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Экономика • Бүгін, 09:59
Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Экономика • Бүгін, 08:11
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 07:49
Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл індетінен толық арылған елдер қатарына кірді
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше