Жуырда бір үйлену тойына бардым. Жас жұбайлардың шаңырақ көтергеніне қуанған халық та көп жиналыпты. Той басталды. Асаба арқырап шықты ортаға. Барлығы өзінің рет-ретімен болып жатқан... Кенет асаба жас жұбайларды ортаға шығарып, бір-бірімен сүйістіріп қойды. Жастар ұялатын емес. Бірақ үлкендер жағы амалсыз төмен қарады.
Одан әлеуметтік желілерден бір сұмдықты тағы көрдік. Той үстінде бір жігіт бір келіншекті «домбыра» қылып, «күй» тартып отыр. Күй таспада өздігінен ойнап тұр, әрине. Ал әлгі жігіт келіншекті «домбыра» қылып сабалап қоятын емес. Күй де анау-мынау емес, Құрманғазының «Адай» күйі. Асаба бұл жерде елді күлдірді, бірақ бүлдірді. Осындай жағдайлар бүгінде кең етек жайып келеді. Тойға көп ел күліп барып, күрсініп қайтатын болды. Мұның бәріне кінәлі – тойдағы тәртіпсіздіктің алға шығуы. Үй иесінен берілетін ескерту жоқ.
Тойды әлбетте біздер қазынаға балаймыз. Қазақ дұға-тілекте де тойдан айырмауын тілейді. Әлдебір кісі дүние салғанда, оған көңіл айта барғанда да біздер «Тойға келейік, арты той болсын» деп жатамыз. Ал той деген не нәрсе? Секіріп билеу ме, байлығын көрсету ме, әлде көпшіліктің көзінше тәртіпсіздік ұйымдастыру ма? Кей асабалардың мәдениетінің төмендігі басқарған тойларынан-ақ көрініп қалып жатады. Бір ақ жаулықты әжені сөз беру үшін ортаға шақырған асаба әлгі кісіге қарап: «Апа, мені таныдыңыз ба?» дейді. Әлгі кейуана танымағанын айтады. Сонда әлгі асаба: «Неге танымайсыз апа, баяғыда келін боп түскенде мен сіздің бетіңізді ашып едім ғой», дейді. Бұл бірақ бер жағы...
Тойда қазір ойындардың түрлері де көп. Тойды мәдениетті жүргізу, ойын ойнату, халықтың көңілін көтеру асабаның деңгейіне байланысты. Алайда, кей асабалардың деңгейінің әлгіндей әрі арсыз, әрі арзан ойындардан аса алмай жатқаны өкінішті. Біреу ойдан, біреу тойдан несібесін теріп жейді. Бірақ қазақтың «Той – Тәңірдің қазынасы» деген ұлы сөзі ұмытылмаса екен...
Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Жапонияға ай сайын 100 бас жылқыны тірідей жөнелту жоспарланып отыр
Экономика • Бүгін, 11:45
Келісім ұзартылды: «Барыс» хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді
Спорт • Бүгін, 11:20
Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің «Халық әуені» концерті өтті
Руханият • Бүгін, 11:14
Ақмола облысында 20 мың ангусқа арналған ет фермасы салынады
Экономика • Бүгін, 10:50
Атырауда «Шеберфест-2026» фестивалінде 4000-нан астам авторлық жұмыстар ұсынылды
Руханият • Бүгін, 10:27
Жүргізуші, сақ бол: Жолда бұлан бар
Қоғам • Бүгін, 10:22
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Экономика • Бүгін, 09:59
Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Экономика • Бүгін, 08:11
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 07:49
Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл індетінен толық арылған елдер қатарына кірді
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше