Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Жамбыл Көкеев маусымаралық үзілісте «Қайсардың» сапын толықтырды, деп хабарлайды vesti.kz.
Кәсіпқой спорттағы мансабын 2005 жылы Алматының «Железнодорожник» командасында бастаған дарынды футболшы араға бір жыл салып, ұлттық құраманың сапына шақырту алған болатын.
«Астана», «Алма-Ата», «Локомотив», «Шахтер» және «Қайрат» секілді командаларда доп тепкен. Алматылық ұжымның сапында жүріп ауыр жарақат алып қалған. Содан бері, өзінің деңгейіне көтеріле алған жоқ. Алдағы маусымды Қызылорданың «Қайсар» клубының сапында бастайды.
2006-2015 жылдары аралығында Қазақстан құрамасының жейдесімен 27 рет алаңға шығып, 2 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Александр Усик қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық атағын қорғап қалды
Спорт • Бүгін, 08:48
Экономика • Бүгін, 08:10
Найзағай, жаңбыр: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:00