Атыраудағы облыстық аурухананың рентген-хирургі Мұрат Қайралиев бір айда 20-ға жуық ота жасады. Қолы жеңіл дәрігерге алғысын жаудырған 57 жастағы науқас «Мидағы қан айналым жүйесінің бұзылуы» деген диагнозымен ауруханаға жатқан. Рентген-хирург науқастың ағзасына артериялық қан тамыры арқылы кішкентай катетер енгізіп, монитор арқылы ішкі ағзаны бақылағанын айтады. Осындай тәсілмен жатыр мойны ісіктерін де емдеуге болады екен.
– Бір айда мұнша ота жасалған емес. Бұған ангиограф деп аталатын жаңа медициналық құрылғы арқылы қол жетті. Бұрын біздің облыста мұндай құрылғы болмаған еді. Осы құрылғының көмегімен инсульт ауруының алдын алуға, жедел анықтау диагнозын қоюға жол ашылып отыр. Құрылғы 340 миллион теңгеге сатып алынды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Экономика • Бүгін, 15:44
«Asar Baspana» кооперативі халықты алдап 25 млрд теңге табыс тапқан
Оқиға • Бүгін, 15:35
Дәріханаларда жарамдылық мерзімі өткен 750-ден астам дәрі сатылған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:26
Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады
Технология • Бүгін, 15:15
Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
Оқиға • Бүгін, 15:01
Жаңатастағы жел: Бірнеше үйдің шатыры ұшты
Аймақтар • Бүгін, 14:51
Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған
Қоғам • Бүгін, 14:46
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Оқушылар қаңтар айында тағы да каникулға шығады
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15