Қоғам • Кеше

Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды қоныстандыру бағдарламасы бойынша қаражатты ұрлау ісі бойынша мүлікті конфискациялауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған

Фото: ІІМ (архив)

Тергеу мәліметтері бойынша, Ауғанстан азаматы қандас екенін көрсетіп, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған. Сол қаржымен ол 20 млн теңге тұратын пәтер сатып алған.

Сот шешімі бойынша пәтер мемлекет кірісіне конфискацияланады. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды

Бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы тағайындауда еңбек өтілі бойынша өзара есеп жүргізу туралы келісімге келгені белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қандастарға төлемдер Қазақстан азаматтығын алғанға дейін де жалғасатынын түсіндірген.

Тағы бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды

Шетел азаматтары болып табылатын этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүріп, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 65 «Ата жолы» картасы берілген.

1240 шетелдік азамат елден шығарылды

Соңғы жаңалықтар