Ертеңіне көлігін алып кетуге келген Паула машинасының алдыңғы әйнегінде хат қыстырылғанын көреді. Мейрамхана менеджері жазған хаттан ерекше әсер алған ол қағазды суретке түсіріп, басынан кешкен оқиғасымен фейсбук желісінде бөліскен.
«Қымбатты Original Joe’s мейрамханасының қонағы.
Өткен түні көлігіңізді біздің тұраққа қалдырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздің мас күйде көлік жүргізбейтініңізге ризашылығымызды білдіреміз. Мұндай жауапты әрекетіңіздің құрметіне сізге мейрамхананың дәмді тауық қанаттарының жарты килосына кепілхат беріледі. Өмірді бағалаңыз, демалыс күндеріңіз сәтті өтсін», – делінген хатта.
Original Joe’s мейрамханасының менеджері Джей Мак Лиан адамдарды мас күйде көлік жүргізбеуге ынталандыру үшін осындай хаттар жаза бастағанын айтады. Оның пайымдауынша, мас жүргізушілермен күресу үшін ынталандыру шараларын көбейтіп, адамдарға үлгі көрсету қажет.