Өзара келісімге сәйкес, Thomson Reuters Eikon терминалында АӨҚО РА Қазақстанның дамуы мен келешегіне және экономика, банк, ірі кәсіпорындарға қатысты сараптамалық зерттеулерін тұрақты түрде орналастырады. Embargoed Research бөлімінен терминал қолданушылары Қазақстан нарығы туралы жедел әрі сенімді ақпарат ала алады. Бұл өз кезегінде нарық қатысушыларының республиканың экономикалық әлеуеті және инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардарлық деңгейін арттырады.
Және Thomson Reuters Eikon терминалында және АӨҚО РА ресми сайтында жетекші сарапшылардың пікірлері мен әлемдік, өңірлік және өндірістік мәселелерге қатысты сараптамалық материалдар жарияланады.
«Қазақстан Thomson Reuters компаниясы үшін бірден-бір басым бағыт болып табылады. Ал "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігімен" жасасқан ақпараттық серіктестік туралы келісімшарт компания стратегиясының маңызды бөлігі. Біз әрқашан өз клиенттеріміздің ең көкейкесті сұрақтарына дер кезінде жауап беретін технологиялар мен сараптамаларды қуана-қуана ұсынамыз. Біздің миссия – бір алаңқайда кең көлемді ақпараттарға қол жеткізуге жағдай тудыру. Мұндай келісімдер клиенттерімізге барынша електен өткізілген сенімді, қолжетімді ақпараттар ұсынуға мүмкіндік береді», - деді Thomson Reuters компаниясының Ресей мен ТМД елдеріндегі басқарушы директоры Петр Марчевский.
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" АҚ басқарма төрайымы Айгүл Тасболаттың айтуынша, Қазақстанның экономикалық жағдайын зерттеп отыру өте маңызды. Бұл өз кезегінде экономикамыздың айқындық деңгейін көтеріп қана қоймай, инвесторлар үшін әрі түсінікті әрі болжанған ақпараттар тарауына ықпал етеді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ