Сондерс мәлімдемесінде келіссөздердің не себепті сәтсіз аяқталғанын ашып айтпады. Барлық сұрақтар бойынша өзінің промоутері Фрэнк Уорренге хабарласуды сұрады.
«Жекпе-жек болмайды. Менен емес, Фрэнк Уорреннен сұраңыздар. Болмашы істермен айналысқым келмейді. Tesco (супермаркеттер желісі) дүкендерінен жұмыс іздеп көрсем деймін», – деп жазды Сондерс туиттерінде.
Айта кетейік, Головкин-Сондерс айқасы Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі кезінде өтетіні хабарланған болатын.