Бокс • 05 Сәуір, 2017

​Головкин Сондерспен жұдырықтаспайтын болды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

​Головкин Сондерспен жұдырықтаспайтын болды

Сондерс мәлімдемесінде келіссөздердің не себепті сәтсіз аяқталғанын ашып айтпады. Барлық сұрақтар бойынша өзінің промоутері Фрэнк Уорренге хабарласуды сұрады. 

«Жекпе-жек болмайды. Менен емес, Фрэнк Уорреннен сұраңыздар. Болмашы істермен айналысқым келмейді. Tesco (супермаркеттер желісі) дүкендерінен жұмыс іздеп көрсем деймін», – деп жазды Сондерс туиттерінде.

Айта кетейік, Головкин-Сондерс айқасы Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі кезінде өтетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар