«Жақында Өзбекстан президенті Қазақстанға сапар жасады. Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге ресми сапармен барып келді. Алдағы уақытта бізге Түрікменстан президенті келеді. Мемлекеттік сапар Астанаға жасалады. Осылайша, еліміздің саяси өмірі үлкен оқиғаларға толы екенін анық байқауға болады», - деді министр.
Белгілі болғандай, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің сапары 12 сәуірге жоспарланған.