Вице-министр кооперативтерді көптеп құру, майлы дақылдар алқаптарын кеңейту, агроxимия мен тыңайтқыштар саласын дамыту жайында айта келе, алдағы уақытта мемлекеттік субсидияларды алатындардың көбейетінін жеткізді.
«Ал Қазақстанның экспорттық әлеуетін өсіру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы негізінде экспорт орталығы құрылып жатыр. Аталған құрылым ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге шығарумен айналысады. Осы орайда орталық мамандары экспорттық арналарды анықтап, өнімді өткізудің нақты нарықтарын белгілейтін болады. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге консультация беріледі және келісімдерге құқықтық қолдау жасалады. Алдағы шаралар бұнымен шектелмейді. Өнім өндірушілердің тауарлары көптеп сатып алынып, ірі экспорттық партиялар жасақталады», - деді Гүлмира Исаева.
Сондай-ақ, ол инвесторлардың құқықтары қорғалатынын, салық жағынан сан алуан жеңілдіктер мен преференциялардың берілетінін жеткізді. Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов дипломаттардың барлық сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік үшін жасалатын тиімді жағдайлар жайында шетелдің бизнесмендеріне кеңінен жеткізуді сұрады.