Қазақстан • 05 Сәуір, 2017

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі  күтіледі.  

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі  күтіледі. Павлодар облысының  кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. 

Қызылорда, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында  көктайғақ болады.


Соңғы жаңалықтар