Димаш жартылай финалда италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындады.
Жартылай финалдың түсірілім жұмыстары 30 наурыз күні болды.
"8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні итальяндық ән Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, байқаудың жартылай финалы 8 сәуір күні эфирге шығады. Ал ең соңғы шешуші бәсекесі 15 сәуір күні өтеді.