Бизнес • 04 Сәуір, 2017

Балық өсірсең, бекіре өсір

627 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қара уылдырық десе, жұрт­тың ойына Атырау облысы бірден оралады. Жұрт нан мен айранға қанағат қылатын ауыл балалары қой емес, Атыраудың балаларын аппақ нанға қара уылдырықты нән қасықпен төгіп-шашып жа­ғып, қомпаңдап асап жата­тындай көреді. Каспий те­ң­і­зін жағалап отырған ел­дің несібесіне қызығады.

Балық өсірсең, бекіре өсір

Осы қара уылдырықтың атасы бекіре жойқын теңізі жоқ, бірақ таудан құлап аққан бұлақтары көп, қазақ жерінің ең әсем, шұрайлы жерлерінің бірі Түлкібас ауданында да өсіріле бастады.

Түлкібастың Керейт ауылында 2012 жылы өңірлік индустрияландыру кар­тасы аясында қосылған «Ақсанат-Инжи­ниринг» атты серіктестіктің 452 млн теңгеге тұрғызылған балық өсіре­тін шаруашылығы бар. Балық болған­да да елдің аузының суы құрғай балық төресі деп мақтай беретін бекіре. Шаруа­шылыққа бір барғанымызда альбинос тектес бекірені де көрген едік. Өзі екі-үш жылда ғана уылдырық шашатынға ұқ­сайды. Қара емес, алтын түстес уыл­дырығының бір келісі сол кезде он мың долларға сатылған. Бұдан басқа да ірілі-ұсақты шаруашылықтары бар кәсіпорын осы салада оңтүстік өңіріндегі жаңа технологияның қызығын көріп отырған ең ірі қожалық болып табылады.

«Ақсанат Инжиниринг» ЖШС айдаладан батпан құйрық тауып алып, байып кеткен жоқ. Бизнес-жоспарына өз қаржысы жетпегендіктен, Үкімет тарапынан индустрияландыру картасы шеңберінде жеңілдетілген несие алды. Яғни, «көз – қорқақ, қол – батыр».

Бүгінде өңірде кооперативтер құру ісіне облыс басшысы Жансейіт Түй­ме­баев бел шешіп кірісіп кетті. Өзара тәжі­рибе алмасып, бірінің озығын екін­шісі пайдаланып, пайдаға шығу үшін көшпелі семинарлар өткізіп жатыр.

Жақында Керейт ауылында «Коо­пе­ра­ция − агроөнеркәсіп кешенін дамы­тудың негізі» атты көшпелі семинар өт­кізіп, негізгі мысалға «Ақсанат Инжи­ниринг» серіктестігінің жұмысы ұсынылды.

Семинарда сөз алған Жансейіт Түй­ме­ба­ев ауыл шаруашылығын да­мы­ту­дағы негізгі басымдықтарға тоқталып, ша­руаларды кооперативтерге бірігуге шақырды.

− Біздің облыстың болашағы − ауыл шаруашылығында. Сондықтан, тәжірибесі мол шаруа қожалықтары тірлігін енді бастаған әріптестеріне барынша қолдау білдіруі қажет. Білгенін үйретіп, аяқтан тұруына көмек қолын созғаны абзал. Сонда ғана ұсақ шаруашылықтарды біріктіруге, ірі жобаларды іске асыру үшін кіріктіруге болады. Бұл өз кезегінде мемлекет тара­пынан бөлінген субсидияларға қол жет­кізуге ықпал етеді. Ең бастысы, оң­түстіктің ауыл шаруашылығы дамиды, − деді жиында Жансейіт Қансейітұлы.

Бұдан бөлек семинарда ауылша­руа­шылық өнімдерінің көрмесі ұйым­дастырылды. «Кооперация − агро­өнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» тақы­рыбындағы теориялық жиында ба­лық шаруашылығы және асыл тұқым­ды мал шаруашылығын дамыту, ауыл­дық елді мекендерде сүт өндіруші ша­руашылықтардың басын қосу, ауыл­шаруашылық өндірістік кооперативін құру туралы сала мамандарының пікір­лері тыңдалды.

Семинардан кейін облыс басшысы бас­таған топ шаруашылықтың жалпы құны 600 млн теңге болатын «Ар­сан Ас» серіктестігінің жеміс-жи­дек кон­цен­трат­­тарын және табиғи суындар дайын­дайтын цех жұмысымен таныс­ты.

Әзірге қырыққа жуық жұмысшысы бар зауыт бюджетінің 120 млн теңгесі құрылтайшылардың қаржысы болса, 480 млн теңге «Максимум» қаржы ұйымынан алынған.

Балық шаруашылығы, жеміс-жидек зауы­тынан бөлек «Ақсанат Инжини­рингте» асыл тұқымды жылқылар мен ірі қара өсіріледі. Мұндағы 186 бас жылқының ішінде атағы алысқа кеткен Ақалтеке, Дондық, Көшімдік асыл тұқымды арғымақтары бар. Сонымен қатар, 1120 ұсақ мал мен шет елден әкелінген 660 абердин-ангус, 241 герефорд сиырын өсіріп отыр. Оның сыртында 900 бас жергілікті ірі қара да бар.

Өз қаржысы жетіңкіремеген соң Үкіметтен жеңілдетілген несие алып облыстағы іргелі шаруашылықтардың біріне айналған кәсіпорында шаруа­шы­лығын ірілендіруге батылы жетпей жүргендерге үйренетін үрдіс көп.

Бұл әсіресе, республика бойынша қолға алынған кооперация жүйесіне үлкен серпін береді.

Бақтияр Тайжан,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы



Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48