Аймақтар • 03 Сәуір, 2017

Астананың спорт секцияларында 7 мыңнан аса бала тегін жаттығады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​«Спорт мектептерінде 6-дан 18 жасқа дейінгі 7 055 бала бар», деп хабарлайды Астана әкімдігінің «Elorda Aqparat» ресми интернет-порталы Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевқа сілтеме жасап.

Астананың спорт секцияларында 7 мыңнан аса бала тегін жаттығады

«Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бағынысындағы барлық он спорт мектебі 6 жастан және одан да ересек спортшыларды дайындау жөнінде халыққа тегін қызмет көрсетеді. Спорт мектептерінде  6-дан 18 жасқа дейінгі 7 055 бала бар», - деп атап өтті Б.Маржықпаев.

Оның айтуынша, жаттықтырушылардың еңбекақысы, спорт ғимаратын жалға алу, спорт құралдарын сатып алу – барлығы да Астана қаласы бюджеті есебінен төленеді.   

Соңғы жаңалықтар