Әлем бойынша мұндай 150 оқу орыны бар. Оқушылардың жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының аясынан шығып, халықаралық білім кеңістігіне енуіне жағдай жасау, ғылымға баулу, жаңа технологияларды қолдана білуге үйрету Балалар университеті арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұл жобаның ерекшелігі – жасөспірімдер оқып қана қоймай, ғылым мен техникаға қатысты сауалдарына жауап алады. Ғалымдар қызықты дәрістер өткізеді.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы кезінде аймақтағы 5-11 сыныптарда оқитын 52 оқушы университетке қабылданды. Математика, информатика, экология, ағылшын тілі, тарих пәндерінен сабақ алып, көркемсурет студиясында жұмыс істеді. Оларға арнайы студенттік билеттер табысталды», – дейді Балалар университетінің ректоры Орынгүл Әбілова.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»