Медицина • 03 Сәуір, 2017

Іскер әйелдерге арналған жоба

367 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазір елімізде орта және шағын бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалар бар болса да, ер-азаматтарға қарағанда әйел адамдарға бизнеспен айналысу екі есе қиын екені айтпаса да түсінікті. Осыған қарамастан, бизнесін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектер де табылады.

Іскер әйелдерге арналған жоба

Ұлттық экономика ми­нис­тр­лігінің мәліметтеріне қарасақ, әйел­дердің басқаруындағы орта жә­не шағын кәсіпкерлік саны 2016 жылдың 1 қаңтарында 647,082 адамды құраған, ал жалпы еліміз бойынша 1,530,258 ша­ғын және орта бизнес субъектісі қыз­мет етеді. Әлемнің 20 елін­де өткізілген 87 зерттеудің нә­ти­желеріне сәй­­кес әйелдер бас­қа­ратын кәсіп­орын­дар ең табыс­ты болатыны анық­тал­ғ­ан. Зерт­теу­шілер бизнеспен ай­на­­лысатын әйелдер қоластындағы қыз­­м­ет­керлері, қоғам және қоршаған ор­та­­ның қамын көбірек ойлайтынын мой­ындауда.

Мәселен, көпке дейін елімізде «әйелдер кәсіпкерлігі» деген ұғымның өзіне күмәнмен қараған кезеңдер бол­ды. Ал бүгінде әйел­дер­дің іскер­лік кеңестері құ­ры­лып, кәсіпкер әйел­дер­ге ар­нал­ған арнайы банк өнімдері мен бағ­дарламалары пайда болуда.

Алматыда Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға арналған баспасөз мәжілісі өтіп, онда осы бағыттағы нақты мәселелер сөз болды. Бұл мәслихаттың басты жаңалығы – Астана банкі отандық банк қызметтері нарығында бұрын бол­маған «Қызғылт жаға» атты әлеу­меттік жобаны жария етті.

«Әйелдер көшбасшылығы қоры» ҚҚ жоба жөніндегі директоры Светлана Богатырева, Орталық Азиядағы «БҰҰ – Әйел­дер» құ­ры­лы­мының өкілі Илейн М.Кон­кие­вич, Даму қоры бас­қармасы тө­ра­ға­сының орынбасары Нұрлан Ақша­нов қа­тысқан шараға еліміздегі бірқатар кә­сіпкерлер мүдделілік танытты.

«Әйелдер кәсіпкерлігінің бүкіл ма­ңыздылығы мен өзектілігін тү­сіне отырып, «Қыз­ғылт жаға» атты бі­ре­гей жобаны іске қосып отырмыз. Осы­дан бір жыл бұрын әйел­дер­ге тиім­ді мүмкіндіктер ұсынатын тұң­ғыш карталарды іске қосқан едік. Ол біздің клиенттеріміз арасында үлкен сұранысқа ие болды. Енді сәуір айынан бастап әйелдерге тие­сілі карталар арқылы тауарлар мен қызметтер қолма-қол ақшасыз тө­ленген жағдайда банк әйелдер ара­сындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін клиенттің жұм­саған сомасының 0,7 пайы-

зын Әйел­дер көшбасшылығы қорына аударып отыратын болады. Бұл соманы банк толығымен өз қаржысы есе­бі­нен төлемек. Нәтижесінде клиент төлем жасау арқылы әйелдер биз­не­сін дамытуға өз үлесін қосады. Сон­дай-ақ, оған әдепкі мөлшерде кэшбэк сомасы қайтарылады. Қорға кө­мек көрсету үшін, ең бас­тысы, тө­лем әйелдерге тиесілі кар­тадан жа­са­лу ке­рек­ті­гін ескеру қажет. Осы­лай­ша игі іске клиент те, банк те ат­са­лыспақ», деді Астана бан­кі бас­қармасының тө­ра­­ғасы Ескен­дір Майлыбаев.

Оған қоса, әйелдерге бизнес жүр­гізуге қатысты пайдалы ақ­па­­рат­ты ұсыну үшін 1 сә-

у­ір­ден бі­ре­гей веб-алаң іске қо­сылмақ. Сайт­та әйел­дер кә­сіп­­керлігін қар­жы­ландыру бағ­дар­ламаларына қа­тыс­ты бүкіл ақ­парат қамтылатын бо­лады. Сон­-

д­ай-ақ, осында әйелдерге ар­нал­ған танымал сайттарды топтас­тырып, жаңалықтарды қадағалауға мүм­кіндік беретін жаңалықтар аг­рег­аторы да қызмет жасамақ. Кә­сіп­кер әйелдер жеке блогтарын жүр­гізіп, тәжірибесімен, идеялары­мен бөлісуге, серік­тес­терді тауып, қа­жетті байла­ныс­тар орнатуға мүм­кінд­ік ал­мақ. Сонымен қатар, сайт ар­қы­лы қаржылық және заңгерлік м­әсе­ле­лерге қатысты кеңес алуға да болады. Жеке кәсіпкерлікті, жау­­­ап­кершілігі шектеулі серік­тес­­тік­ті немесе банкте шотты қа­лай ашуға болады? Электронды циф­рлы қол­таң­баны қалай алуға бо­лады немесе са­лық салу үлгісі қалай толтырылады? Осы және басқа да көптеген сауал­дарды онлайн-менеджерлерден сұрап білуге болады.

Әйелдер көшбасшылығы қоры­ның жоба жөніндегі директоры Свет­лана Богатыреваның айтуынша, осы жоба арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Орал және Шымк­ент қалаларында оқу конферен­ция­лары өткізілмек. «Біз Алматы қала­сында 3 жыл ішінде жинақталған тә­жі­рибе негізінде игеріліп, кәсіпкер әйел­дердің қажеттіліктері мен үміттерін зерт­теуге негізделген тәсілдемені қол­д­анбақпыз. Осы формат аясында кәсіби спикерлер және кәсіпкер әйел­дер біздің елімізде жинақтаған тә­жі­рибесімен бөлісіп, бір-бірін оқы­татын болады. Бұл тәсіл нә­ти­желі еке­нін көрсетті», дейді С.Богатырева.

«Әйелдер көшбасшылығы қо­ры­мен бірге осы жобаны жүзеге асы­ру кезінде біз ме­г­ап­олистердегі әйел­дер­ді ғана емес, сондай-ақ, шалғай ай­мақ­тар­дағы іскер ханымдарды ба­ры­н­ша қамтып, осы іске тартуды көздедік. 5 қалада конференция­лар өткізу арқылы біз бүкіл Қазақстаннан кем дегенде 500 әйел­ді оқытуды жоспарлап отырмыз. Осы жобаны жү­зеге асыру елімізде әйелдер ара­сын­д­ағы кәсіпкерліктің дамуына жа­ңа қозғау салатынына сенімдіміз», деді баспасөз мәслихатын қоры­тын­дылаған Е.Майлыбаев.

Айнаш Есали,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ


Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38