Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

Мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

Мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Жиынға Қазақстан Қарулы Күштері Бас шта­бы­ның ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары де­п­артаментінің басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров, Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұ­мыстары департаменті басшысының орынбасары – то­лымдау басқармасының басшысы, полковник Амантай Үсербаев, Қорғаныс министрлігі әскери-дәр­ігерлік комиссия орталығының басшысы, полковник Қанат Сұлтанғазин және Қарулы Күштердің әскери полициясы бас басқармасының бас­шысы, полковник Тілеухан Басқожаев қа­тыс­ты.

Спикерлер көп ата-аналарды алаң­­датып отырған әскери әлімжеттіктің жоқ екен­ін атап көр­сетті. «Біздің Қарулы Күштердің құ­ра­мында 70 пай­ыздай келісімшартпен қызмет ат­қаратын жоғары білімді азаматтар бар. Солардың ара­сында 30 пайыздайы ғана мерзімді әскери қыз­­метке келетін азаматтар. Қазіргі уақытта ка­зар­ма­мыз­­да барлық жағдай жасалған. Әрбір казармада бей­небақылау қойылған. Әскерге келген әрбір боз­баламен психолог мамандар жүйелі жұмыс ат­қа­рады. Ақпарат құралдарының бар­лығына айта ке­­тейін, біздің қазіргі Қарулы Күшт­еріміздегі жүй­елі жұмыстың нәтижесінде әлім­жеттік деген жоқ, – деді А.Үсербаев.

Ер-жігіттер болған соң олардың арасында тү­сініспеушілік орын алып жататын жағдайлар кез­де­сетіні жасырын емес. Бірақ жүйелі түр­де болатын әлімжеттік жоқ деуге болады. «Сон­дықтан, барлық ата-аналарға айтарым, бала­ла­­рыңызды қорықпай Отан алдындағы борышын өтеу­ге жібере беріңіздер. Себебі, олар үшін барлық жағ­дай жасалған», – деді тағы да Амантай Үсербаев.

2017 жылдың көктемінде Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­с­ы­ның Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әс­кери құралымдарына 1990-1999 жылдары туған 16 мың­нан аса азаматты шақыру жоспарланып отыр.

Рауан Қайдар,

«Егемен Қазақстан»



Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38