Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

Күн тәртібінде – медициналық көмек көрсету мәселелері

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің қызмет, медициналық және емдеу-профилактикалық мекемелері, ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қоры басшыларының қатысуымен ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде – медициналық  көмек көрсету мәселелері

Қоғамдық кеңесте ішкі іс­тер органдары жүйесінде ме­ди­ци­на­лық көмек көрсету, қоғамдық ке­ңес­ке жолданатын нормативтік- құ­қықтық актілер жобасының бі­р­ыңғай талаптарын әзірлеу жә­не оларды қарастыру мерзімін қыс­қарту, сондай-ақ, азаматтар мен полиция арасындағы сенімге не­гізделген өзара іс-қимылды жақ­сарту жөніндегі қоғамдық тың­дауды өткізуге дайындық мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында ІІМ жү­йесінде медициналық қам­та­­масыз ету жеке құрамның жа­у­­ынгерлік қабілетін қол­дау­дың не­гізгі және міндетті эле­мент­те­рінің бірі екені атап өтілді, оның қызметтік-жауынгерлік мін­дет­терін орындауға үнемі дайын бо­луы әлеуметтік қорғалудың не­гізгі факторы болып табылады.

2015 жылы ІІМ-де емханасы бар орталық госпитальдың жаңа ғи­мараты қолданысқа енгізілді, он­да терапиялық, неврологиялық, хи­рургиялық, кардиологиялық, реа­нимациялық бөлімшелер, сон­дай-ақ, травматологиялық, уро­логиялық, физиотерапиялық жә­не оңалту бөлімшелері жұмыс іс­тейді.

­Дегенмен, ішкі істер ор­ган­да­рының өңірлердегі дербес ем­­х­аналарында және емханасы бар госпитальдарында ескі ме­­дициналық қондырғылар­ға қа­­тысты мәселелер бар. Бұ­ған қо­­са, Атырау, Қызылорда жә­не Маң­­ғыстау облыстарында гос­­пи­­тальдарға арналған жаңа ғи­ма­рат­­тар салу, ал қалған өңір­ле­р­­дегі осы­н­дай ғимараттарға күр­де­лі жө­н­деу жүргізу қажет.

Отырыстың қорытындысы бойынша қоғ­амдық кеңестің мүшелеріне, сон­­дай-ақ, мини­стр­лік қыз­ме­т­те­рінің басшыларына қа­ралған мә­­селелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.



Соңғы жаңалықтар