Білім • 03 Сәуір, 2017

Жаңа оқу жылына – жаңа оқулықтар

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ба­засында пәндік комиссиялар жұмыс жүргізді. Оның қо­ры­тындысы бойынша 2-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқу­лықтар, 5 және 7-сыныптарға арналған баламалы оқу­лықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, мектепке дейінгі тәр­бие және оқыту деңгейіне, арнайы мектептерге арналған оқу ба­сы­лымдары іріктеліп алынды.

Жаңа оқу жылына – жаңа оқулықтар

Орталық коммуникациялар қы­з­метінде өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-ми­нистрі Э.Суханбердиева комиссия жұ­мысының объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссиялар құрамы анағұрлым кеңейтіліп, ны­ғайтылғанын атап өтті. 

«17 пәндік комиссия құрылды және олардың құрамында білім беру саласының 126 білікті маманы болды. Сонымен қатар, ко­миссия құрамына Парламент Мә­жі­лісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де ен­ді. Комиссиялардың қарауына мек­тепке дейінгі тәрбие және оқы­ту деңгейіне арналған оқу әд­ебиеттерінің 1010 аталымы,

2, 5 және 7-сыныптарға ар­­налған оқулықтар мен оқу-әдіс­темелік кешендер, арнайы (кор­рек­ция­лық) мектептерге арналған оқу әде­­биеттері, қосымша әде­би­е­т­тер және электронды та­сы­мал­да­ғыштардағы оқу басылымдары ұсы­­нылды. Соның ішінде 197-сі оқу­лық», – деді министрдің орынба­сары.

Пәндік комиссия мүшелері оқу­лықтарды сынақтан өткізу мен қоғамдық бағалау қо­ры­тын­дыларын және ғылыми-пе­­да­гогикалық сарап­та­ма нә­ти­же­­лерін талдап, Рес­пуб­ли­ка­лық ко­­миссия қарауына білім бе­ру ұй­ым­­дарында пайдалануға ұсы­ны­­латын оқу әдебиеттері жөнінде ұсы­ныстар енгізді.

Вице-министрдің айтуынша, республикалық және пәндік комиссиялар 2-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтарды, 5 және 7-сыныптарға арналған баламалы оқулықтар мен оқу-әдіс­темелік кешендерді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту дең­гейіне, арнайы мектептерге ар­нал­ған басылымдарды және басқа да қосымша әдебиеттерді іріктеп ал­­ды. Отырысқа қатысушылар оқу әдебиеттерін әзірлеуді, сарап­тау­ды және іріктеуді әрі қа­рай жақ­сарту үшін нақты ұсы­ныс­та­рын білдірді.

Айдар Өрісбаев,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар