Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

Канадада Қазақстанға арналған бизнес-семинар өтті

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Монреаль қаласында (Канада) Қазақстанға арналған бизнес-семинар өтіп, онда еліміздің Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов баяндама жасады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Канадада Қазақстанға арналған бизнес-семинар өтті

Шара негізінен канадалық ко­м­­­панияларды еліміздің қа­зір­гі кезеңдегі әлеуметтік-эко­но­ми­­­калық дамуы және екіжақты іс­­керлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың болашағымен та­­­ныс­тыруға арналды. Биз­нес-се­ми­нарға Квебек про­вин­ция­сы­ның Экономика, ғылым жә­не ин­новациялар министрлігі, Ка­на­даның «Export Development Canada» экспортты дамыту бойын­ша корпорациясы, сондай-ақ, Кве­бе­ктің тау-кен және инжинири­нг са­ласындағы 20-дан астам ком­па­ния­сының өкілдері қатысты.

Константин Жигалов өз сөзінде Пре­зиденттің «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бә­се­кеге қабілеттілік» атты Жол­да­у­ы, «100 нақты қадам» Ұлт жос­­пары және «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасының Қазақстан эко­но­ми­касын одан әрі трансформа­ция­лау, көлік-ло­гистикалық, ин­дус­триялық, энер­г­етикалық жә­не әлеу­меттік ин­фра­құ­ры­лым­дар­ды да­мы­туды қа­растыратын не­гізгі ба­­­сым­дық­тарына баса назар ау­дар­ды.

Шара барысында қатысушылар мен қонақтар ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесіне дайындық ба­рысы, «Астана» халықаралық қар­жы орталығының құрылуы, «Ба­тыс Еуропа – Батыс Қытай» кө­лік дәлізі мен басқа да ірі ин­фр­ақұрылымдық жобалар туралы хабардар етілді.

Елші қазақстандық эко­но­ми­ка­ның сәтті түрде трансформация­сы Елбасы Н.Назарбаев ұсынған кон­ституциялық реформамен бір­ге жүзеге асып жатқандығын атап өтті.

Басқосуда канадалық компа­ния­лар Қазақстанның жаңа эко­но­ми­калық саясатын жүзеге асыруға ат­салысуға шақырылды.

Семинарға қатысушылар ин­тер­активті диалог пішімінде Қа­зақ­­­станда жүзеге асырылып жат­­қан экономикалық және сая­си ре­­формалар туралы оң пікір­ле­­рін біл­діріп, Қазақстанның Еу­ра­зия­лық экономикалық одақ на­ры­ғын­­д­­ағы жоғары беделін атап өтті жә­­не еліміздің «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» жа­­ңа Кодексін дайындау туралы ше­­шімін, қазақстандық тараптың ин­­весторлар үшін жеңілдіктер енгізу бастамасын, оның ішінде ірі инвесторлар үшін визасыз режім орнатуын құптады.


Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05