Кәсіпқой бокс • 02 Сәуір, 2017

Фируза Шәріпованың WBC белбеуі үшін жекпе-жегі Астанада өтуі мүмкін

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жекпе-жек шілде айында ұйымдастырылуы ықтимал.

Фируза Шәріпованың WBC белбеуі үшін жекпе-жегі Астанада өтуі мүмкін

Фируза Шәріпова WBC әлем чемпионы белбеуі үшін айқасын шілде айында Астанада өткізуі мүмкін. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне оның менеджері Сергей Завилейский мәлім етті. 

Завилейскийдің сөзіне қарағанда, жекпе-жек Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтпек. Отандасымыздың қарсыласы осыған дейін жеңіліп көрмеген фин боксшысы Ева Вальстрем болмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Фируза Шәріпова соңғы жекпе-жекте 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар