«Жігермұнайқұрылыс» ЖШС-нің роботтық дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл құрастырмаларын шығару цехы темір қоршау, баспалдақ, тірек, бұрғылау қондырғылары секілді бұйымдар дайындайды. Жобалық құны 2,65 млрд теңге болатын цехта 50 адам жұмыспен қамтылған. Батыс өңірінде алғаш рет ашылған жоба қазіргі заманғы технологияға негізделген.
− Роботтық дәнекерлеу арқылы металдан құрастырылатын жоғары сапалы өнімнің көлемі ұлғайып, еңбек өнімділігі артады. Мұнай саласындағы кәсіпорындарды сапалы өнімдермен қамтамасыз етеміз, − дейді «Жігермұнайсервис» ЖШС бас директоры Рафик Мұхатов.
Бақытгүл БАБАШ,
"Егемен Қазақстан"
АТЫРАУ