Қазақстан • 31 Наурыз, 2017

Даму тетігі – кәсібилікте

204 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөнінде партиялық тыңдау өткізді. Оған депутаттар, министрліктер мен Орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Даму тетігі – кәсібилікте

Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рін­ші орынбасары 2006 жылы Мем­лекет басшысы өзінің ауқымы жағынан теңдесі жоқ әкімшілік реформалардың бастау алуына серпін бергенін еске салды. Сол кезде Президент таразының бір басында мемлекеттік қыз­мет алушылардың мүддесі, сон­дай-ақ, озық халықаралық тәжі­рибелер ескерілген корпора­тивтік басқару, ашықтық пен есеп­тілік қағидаттары тұратын мем­лекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін құруға кіріс­кенімізді атап өткен болатын. Нәтижесінде, біздің ел посткеңестік кеңістікте бірінші болып «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылдады және мемлекеттік қызмет істері жө­нін­дегі арнайы өкілетті орган құрды.

«Бұл мәселеге айрықша үңілу қажеттілігі мемлекеттік аппарат­тың сапалы қызметі елдің тұрақ­ты дамуын қамтамасыз ететін және уақыттың жылдам өзгеріп отыратын сын-тегеуріндеріне дер кезінде жауап қайтаратын шешуші факторлардың бірі болып табылатынымен байланысты болып отыр», – деді өз сөзінде Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: «Биылғы жылы Мем­лекет басшысының баста­масымен Қазақстан Консти­ту­циясына тарихи түзетулер енгізілді. Ол мемлекеттік бас­қ­арудың түбегейлі жаңа үлгісінің не­гізін қалады. Атқарушы би­лік­тің өкілет­тігі айтарлықтай ұлғайды, сонымен бірге, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызмет­кер­лердің жауапкершілігі күшейді. Сондықтан сапалы жаңа аппаратты қалыптастыру жөніндегі Елбасы алға қойған міндеттер мүлтіксіз орындалуға тиіс. Бізге заңды­лықты қатаң сақ­тайтын, кәсіби жағынан білік­ті және жауапкершілігі зор мемлекеттік қызметкерлер керек», – деді.

Бұған қоса, жиында кәсі­би мемлекеттік аппаратты қалып­тастыру Бес институттық рефор­маның бірінші бағыты екені айтылды. Мәселен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының осы мәселеге арналған 15 қадамының 11-і толық жүзеге асырылған. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның арқасында меритократия, яғни анағұрлым лайықты және кә­сі­би мамандарды басшылық қыз­метке ілгерілету қағидатына негізделген ман­сап­тық өсудің жаңа үлгісі енгізілді. Нәт­и­же­сін­де, 2016 жылы 6 мыңнан астам мем­лекеттік қызметкердің манса­бы жоғары­лады. Бұл 2015 жылғы­мен салыстырғанда 4 есе көп. Бұдан бөлек, командалық ауы­су­ды айтарлықтай деңгейде азай­туға қол жеткізілген. Мәсе­лен, өткен жылы ол 2015 жылмен салыстырғанда 18 есеге дейін кеміпті.

Іс-шара аясында сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қай­рат Қожамжаров партиялық тың­дау барысында мемлекеттік аппаратты жаңғырту туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп бер­ді. «Елбасымыз қолға алған жаң­ғырту үдерістері ішіндегі «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары бой­ынша бірінші бағыт біздің агент­тікке жүктелген. Депутат­тар­дың қолдауы­мен заң қабыл­данды. 1 жылдай сол заңның та­лаптарына сәйкес жұмыс ат­қ­а­рып келеміз. Әрине, осы уақыт­тың ішінде бірқатар өзекті мә­се­лелер айқындалып отыр. Ал ол мәселелерді біз бүкіл халық болып шешуіміз керек. Ең бастысы, ол – халықтың билік­ке деген сенімі. Екіншіден, мемле­кеттік органдардың халық­тың мүддесіне және Елбасы­ның стратегиялық мақсат-мін­дет­теріне сай жұмыс атқаруы», – деді Қайрат Қожамжаров.

Сондай-ақ, жиын барысында мемлекеттік қызмет сала­сындағы өзгерістерге қатысты ой-пікірлер айтылды. Дәлірегі, мансаптық ілгерілеу біліктілік талаптарына байланысты жүзеге асатыны, бұл кәсіби мемлекеттік аппарат­ты жақсартуға мүмкіндік беретіні атап көрсетілді. Бұған қоса, мемлекеттік қыз­метшінің тек қызмет өтілі ғана емес, сонымен қатар, оның шешімдерді қабылдай білуі, егер, ол басшы болса, ұжымды басқара алуы, оны белгілі бір мақсаттарға ынталандыра алуы секілді біліктіліктері назарға алынды.

Партиялық тыңдауды қоры­тындылай келе, «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бірінші орын­басары ел Президенті бел­гілеп берген мемлекеттік қыз­метті реформалаудың түпкі мақсаты халық пен мемлекет мүд­десін бәрінен жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат қалып­тастыру болып табылатынын атап өтті.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38