Жуырда Анкара қаласында орналасқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке арналған ғұмыр: Махамбет Өтемісұлы» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Аталған шараға Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Әлімхан Есенгелдиев, Еуразия жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлы, Ардахан университетінің әдебиеттанушы-ғалымдары профессор Орхан Сөйлемез және профессор Аябек Байниязов, түрік зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Ә.Есенгелдиев екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық байланысты күшейтуге бағытталған жұмыстармен таныстырып, түрік тілінде жарық көрген қазақ көркем әдебиетінің інжу-маржандарын атап өтті. Соның ішінде қазақтың ақберен ақыны Махамбеттің жыр жинағы бар екендігін жеткізді. Кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен Еуразия жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасына, Махамбеттің жырларын түрік тілінде сөйлеткен О.Сөйлемезге және А.Байниязовқа алғыс білдірді.
Еуразия жазушылар қауымдастығының төрағасы Я.Омароғлы өз сөзінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаған Қазақстанның 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметіне кіріскеніне байланысты Елбасы Н.Назарбаевты және бауырлас қазақ халқын шын жүректен құттықтап, жаһандық экономика дағдарысқа душар болған қазіргі уақытта Қазақстанның өзі ұстанып отырған дана экономикалық саясатының арқасында қиындықтан көп қиналмай өткендігін атап көрсетті. Сонымен қатар, Махамбет шығармашылығының түркі әлемінің рухани қазынасы екендігін, оның әрбір өлеңінде тәуелсіздікті аңсау және күрескерлік рухтың сақталғандығын жеткізді.
Ардахан университетінің профессоры О.Сөйлемез 1995 жылы Колумбия университетінде «1985 жылдан кейінгі қазақтың ұлттық әлеуеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғағанын және қазақ әдебиетіне қатысты бірқатар жұмыстар атқарғанын айта келе, Махамбет шығармашылығы жөнінде баяндама жасады. Ақын-жыраулардан қалған жырлардың түркі дүниесінің рухани әлемін байыта түскеніне, соның ішінде мәңгі мұра болып қалған Махамбеттің әрбір өлеңінің мұхитқа құйылған өзендей әлем әдебиетінің інжу-маржаны екендігіне баса назар аударды.
Түркияның атақты ақыны Али Акбаш түркі халықтарының поэзиясы, соның ішінде қазақ поэзиясының ерекшеліктері туралы мәлімет беріп, Махамбеттің өлеңдерін оқып, ұлы ақынның жырларында сақталған тыныстың кеңдігін, ұлы байтақ даланың сұлулығын және өзіне тән ырғағын көрсетіп, талдап берді.
Шара соңында қазақ әдебиетін насихаттап, Қазақстан мен Түркия арасындағы достық және ынтымақтастықтың нығаюына үлес қосқаны үшін ғалым Орхан Сөйлемез «Қазақстан-Түркия достығы» медалімен, профессор Аябек Байниязов алғыс плакеткасымен марапатталды.

Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21