Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Бавария» өз алаңында «Арсеналды» қабылдап, 5:1 есебімен ойсырата ұтты.
Соңғы жылдары бұл турнирде қос команда бірнеше рет кездесті. Алайда, Лондонның командасы қанша тырысып баққанмен, немістерден айласын асыра алмай келеді. Бұл жолғы матчта дәл осы бағытта өрбіді. Кездесу басталысымен алға ұмтылған мюнхендіктер 11-минутта есеп ашып үлгерді. Аррьен Роббен әдеттегідей оң қапталдан қақпаны дәл көздей білді.
Матчтың 30-минутында айып алаңындағы талас кезінде Лоран Косьельниге қарсы ойын тәртібі бұзылғаннан кейін төреші ойланбастан пенальти белгіледі. Оны Алексис Санчес орындап, мүлт кетудің алдында қалды. Алғашқы соққысын қақпашы Мануель Нойер қайтарғанмен, екінші ретте қарсы тұра алмады. Кездесудің алғашқы 45 минутында бұдан кейін де бірқатар шабуыл ұйымдастырылған, бірақ есеп өзгеріссіз қалды.
Ойынның екінші таймы толықтай «Баварияның» басымдығымен өтті. 53-минутта оң қапталдан Филипп Ламның әуелеткен добына Роберт Левандовски бірінші болып жетіп, өз ұжымын алға шығарды. Арада 3 минут өтер-өтпес немістер есептегі басымдықты арттыра түсті. Левандовскидің тамаша пасынан кейін Тиаго Алькантара қақпашымен жеке шығып, мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Ал 63-минутта айып алаңының сыртынан кезекті голын салды. Негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Томас Мюллер «Баварияның» бесінші добын соқты.
«Арсенал» бұл жолы да Германия чемпиондарынан айласын асыра алмады. Ал қарымта кездесу 7 наурыз күні Лондонда өтеді.

Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20
Трамп Польшаға қосымша 5 мың әскер жібермекші
Әлем • Бүгін, 16:17
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:03
Жиһаз жасату немесе пәтер жөндеу кезінде алданып қалмас үшін не істеу керек?
Сауда • Бүгін, 16:00
Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?
Қоғам • Бүгін, 15:41
Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі
Сауда • Бүгін, 15:36