Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (26-1-0, 18 KO) пен америкалық Роуши Уоррен (14-1-0, 4 KO) арасындағы жекпе-жек ақпан айындағы үздік айқастырдың қатарына енді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«33 жастағы қазақстандық Жанат Жақиянов мансабында алғаш рет толыққанды әлем чемпионы атағы үшін сынға түспек. Алдыңғы жылы WBA нұсқасы бойынша уақытша белбеу алған ол осы уақытқа дейін шаршы алаңға шыққан емес. Міне, енді Жанат жеңіл салмақта WBA-дің нағыз чемпионы америкалық Роуши Уорренмен айқасатын болады. Өткен жылдың маусым айында бұл белбеуге ие болған Уоррен алғаш рет қорғамақ. Сонымен қатар, америкалықтың еншісіндегі екінші дәрежелі IBO федерациясының чемпиондығы да сарапқа салынады. Букмекерлердің пікірі бойынша, бұл жекпе-жекте Роуши фаворит болып есептеледі», – деп жазды championat.com.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы кездесу АҚШ-тың Огайо штатындағы Толидо қаласында өтеді.

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:46
Еліміздегі наркологиялық орталықтарға тексеру жүргізіледі
Денсаулық • Бүгін, 09:13
Александр Усик қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық атағын қорғап қалды
Спорт • Бүгін, 08:48
Экономика • Бүгін, 08:10
Найзағай, жаңбыр: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:00