Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстан – тек алға!» атты жастардың патриоттық акциясы өтті
Елбасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында жасаған баяндамасында бейбітшілік елшісіне айналған спортшыларымыз туралы тебірене сөйлегені халықтың есінде. Сонда ел спортшыларының атынан жауап сөз айтқан Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Данияр Елеусіновтің сөзіне Елбасымыз да, жиналған халық та зор зейін қойды.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіздің «Қазақстан – алға!» деген сөзіңізді еліміздің ресми ұранына айналдыру ниетіміз бар. Бұл барша қазақстандықтардың мәңгілік ұранына айналар еді», – деді Олимпиада жеңімпаздары. Мерекелік жиынға қатысушылар қошемет танытып, Елбасының өзі Даниярдың атын атап, бұл ұранды қолдайтынын білдірген болатын. Содан бері еліміздің әр аймақтарында осы бағыттағы патриоттық игі шараларда бұл ұран көтеріңкі леппен айтылып келеді, қолдау шаралары ұйымдастырылуда.
Республикалық «Жарасым» жастар бірлестігінің Алматыда өтетін ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңында жоғарыдағы салтанатты елі мен Елбасы қолдаған шараға үйлестіріп өткізуі де тектен-тек емес. Қазақстан жастары арасында Отанға деген патриотизм мен ауызбірлікті нығайту бүгінгі жиынға басты ұран етіп алынуы да сондықтан. Жастарға үлгі болып жүрген танымал спорт саңлақтары жиналғандар алдында жігерлі сөз сөйлеп, спортшыларымызға жеңіс тіледі, жастарымыздың жүрегіне отаншылдық сезім қонуын тіледі.
Олардың арасында Қазақстан альпинистері құрама командасының капитаны, әлемге танымал альпинист Мақсұт Жұмаев, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, кикбоксингтен әлем чемпионы Михаил Нәдіров және басқалар бар.
Қазақстанның атынан ұлы дүрмек – «Универсиада-2017» қысқы ойындар спортшыларына рух берген салтанатты жиынға қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен спортшылар, студент жастар қатысты. Жиналған қауым болашағы жарқын жас мемлекетіміздің тек спортта ғана емес, еліміздің дамуының барлық саласында үнемі алда болатынына сенім білдірді.
«Қазақстан – тек алға!» деген ұран айтылды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін
Руханият • Бүгін, 17:40
Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды
Оқиға • Бүгін, 17:32
Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді
Саясат • Бүгін, 17:21
Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:10
Көзге көрінбейтін бақылау: Жасырын патруль қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 16:39
Ресейге баратын шетелдіктер үшін ереже өзгерді: Жаңа талап қандай?
Туризм • Бүгін, 16:30
ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың үкімі өзгере ме?
Заң • Бүгін, 16:22
Момбаса порты және бидай: Екі ел арасындағы сауда айналымы жаңа деңгейге көтеріледі
Президент • Бүгін, 16:01
Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген
Қоғам • Бүгін, 15:52
Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстан мен Кения Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 15:26
Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:15
Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:09