Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндерінен ХIIІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. 12-18 қаңтар аралығында Білім және ғылым министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен дәстүрлі білім додасына биыл Ресей, Грузия, Белоруссия, Болгария, Румыния, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан сияқты әлемнің 15 елінен 401 оқушыдан тұратын 62 команда қатысқан болатын. Бұл әйгілі білім додасында Қазақстан атынан 144 оқушы бағын сынап көрді.
Биылғы олимпиаданың ерекшелігі – еліміздің әр облысынан құрама командалар қатысты. «Халықаралық дәрежедегі мұндай олимпиадаларға алғаш қатысып отырған балалалар үшін бұл сайыс үлкен тәжірибе болды. Жалпы, қазақ балалары екі нәрседен мықты түсіп жатады: біреуі бокстан, екіншісі математикадан», – деп профессор Асқар Жұмаділдаев айтқандай, Жәутіков олимпиадасында еліміз талай халықаралық олимпиадаларда өзгелерден оза шауып, әлемдік деңгейдегі мықты мектептермен бәсекеге түсіп жүрген республикалық физика-математика мектебіне айрықша үміт артқан еді. Үміт үдеден шыққандай.
Сарапшы мамандардың айтуынша, олимпиада сұрақтары былтырғы жылмен салыстырғанда, әлдеқайда күрделі болды. Сондықтан зияткерлік сайысында бабы мен бағы қатар жанған дарынды балалар ғана жеңіске жете алды. Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстандағы, алыс-жақын шетелдегі 7 мамандандырылған мектептің құрамасы үздік командалар атанды. Оның ішінде Мәскеуден келген №1329 мектеп ең үздік команда ретінде Гран-приге ие болды.
Командалық 1-орынды Сербия астанасы Белградтан келген мектеп оқушылары жеңіп алса, 2-орынды Ресейдің Санкт-Петербург қаласының №239 физика-математика лицейі мен Челябі қаласының №31 лицейі бөлісті. 3-орынға Жәутіков атындағы республикалық мектеп (Қазақстан), Тбилисиден келген В.Комаров атындағы №199 физика-математика мектебі (Грузия) және Мәскеу мемлекеттік университетінің (Ресей) мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының командасы лайық деп танылды. Үздік командалардың әр мүшесіне бағалы сыйлықтар мен арнайы марапат қағаздары табыс етілді.
Олимпиадада сарапқа салынған 198 медальдан жекелей біріншілік бойынша 40 алтын, 61 күміс және 97 қола медаль үлестірілді. Қазақстан командалары 7 алтын, 18 күміс, 31 қола, жалпы саны 56 медаль жеңіп алды.
Жоғары деңгейде өткен олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті және Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті арнайы оқу гранттарын табыс етті. Сонымен қатар, олимпиадада қабілет-қарымымен көзге түсе білген оқушыларға Н.Қаппаров атындағы арнайы сыйлық тағайындалды. Ал Бостандық ауданының әкімдігі «Математика есептерін ерекше жолмен шешкені үшін» аталымымен жеке марапатын табыс етті.
Алғашқы «мүшел жасына» аяқ басқан халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізуде Білім және ғылым министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі үлкен қолдау көрсеткенін айта кету керек. Бүкіл әлем мойындаған бұл мектепаралық олимпиаданың мақсаты оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық әріптестікті нығайту, әлемдегі үздік мамандандырылған мектептер арасында достық қарым-қатынас орнату, олимпиадалар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және Қазақстанның білім әлеуетін паш ету болып табылады.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін
Руханият • Бүгін, 17:40
Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды
Оқиға • Бүгін, 17:32
Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді
Саясат • Бүгін, 17:21
Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:10
Көзге көрінбейтін бақылау: Жасырын патруль қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 16:39
Ресейге баратын шетелдіктер үшін ереже өзгерді: Жаңа талап қандай?
Туризм • Бүгін, 16:30
ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың үкімі өзгере ме?
Заң • Бүгін, 16:22
Момбаса порты және бидай: Екі ел арасындағы сауда айналымы жаңа деңгейге көтеріледі
Президент • Бүгін, 16:01
Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген
Қоғам • Бүгін, 15:52
Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстан мен Кения Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 15:26
Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:15
Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:09