Қостанайда мұқтаждығы бар мүгедек балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды. Бұл мүгедек бала өсіріп отырған ата-аналардың зор қуанышына айналды. Қоғам қайырымдылықтан кенде емес, түрлі шаралар өтіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балаларға көмек қолын созатындар аз емес. Алайда мүгедек бала өсіріп отырған ата-ананың өз проблемасымен өзі бетбе-бет қалатын кездері аз болмайды. Себебі мүгедек баланы дамыту кейде тек қаржыға емес, заманауи жабдықтар мен әдістемелерге, мамандар көмегіне зәру болады. Ал Қостанай өңірінде осындай көмекке зәру он мыңнан аса бала бар. Олар тұрып жатқан жергілікті жерлерде, ауылдарда, тіпті аудан орталықтарында оларды дамытатын орталықтар жеткіліксіз, тіпті жоқтың қасы. Сондықтан, «Дара» қорының жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен мұқтаждығы бар мүгедек балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін ашуы алдымен ауру бала өсіріп отырған ата-аналардың қуанышына айналды.
Арнайы орталықта дефектолог, психолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, массажист секілді мамандар жұмыс істейді. Әр кабинет баланы дамытудың әдістемесіне орай заманауи жабдықтармен жабдықталған. Онда Монтессори бөлмесі, денешынықтыру залына дейін бар.
– Біз ерекше мұқтаждықтары бар балалар мамандар қызметін тегін пайдалануы үшін түзеу орталықтарын ашамыз. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың өскенде өмірден өз жолын табуына іргетас қалайды. Мамандарды оқытып, елімізде инклюзивті білім беру ісін енгізуді қолдап келеміз, – деді «Дара» қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаева.
Қазірге дейін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне дамуында ауытқулары бар 7 жасқа дейінгі 125 бала жазылды, мамандардың айтуынша, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі 150 балаға дейін қамтуға мүмкіндік бар.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Бүгін, 18:55
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Бүгін, 18:40
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Бүгін, 18:22
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Ата заң • Бүгін, 18:11
Қаржы министрлігі ескертеді: Министр Такиевтің атын жамылған алаяқтар пайда болды
Қаржы • Бүгін, 17:44
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:32
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Спорт • Бүгін, 17:15
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38