• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:35

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Орда Аймақ Плюс» атты жаңа өңірлік ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаның операторы – Қазақстан тұрғын үй компаниясы, деп жазады Egemen.kz. 

Жаңа ипотекалық өнім шеңберінде азаматтар бастапқы нарықтағы тұрғын үйді жылдық 10,9%-дан басталатын мөлшерлемемен сатып ала алады.

Бағдарламаның шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесі 10,9%-дан 14,9%-ға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 11,7%-дан 16,2%-ға дейін белгіленген.

Бастапқы жарна көлемі тұрғын үй құнының 20%-ынан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы 75 млн теңгені, ал өтеу мерзімі 20 жылға дейінгі кезеңді құрайды.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – қарыз алушыға қосымша кепілзат ұсынудың қажеті жоқ. Кепіл ретінде ипотека арқылы сатып алынатын тұрғын үйдің өзі рәсімделеді. Сондай-ақ қарызды рәсімдеу кезінде бірлескен қарыз алушыларды тартуға мүмкіндік қарастырылған.

Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?

«Орда Аймақ Плюс» бағдарламасы Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі берілген өңірлік тұрғын үй жобаларына арналған.

Қазіргі уақытта бағдарлама арқылы Өскемен қаласындағы «Престиж» тұрғын үй кешенінен пәтер таңдауға болады. Алдағы уақытта басқа да тұрғын үй нысандарын бағдарламаға қосу жоспарланып отыр.

«Банктер ипотекалық бағдарламаны қысқартуы мүмкін». Сарапшы тағы қандай тәуекелдерді айтты?

Соңғы жаңалықтар