• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Астананың екі көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Астанада екі көшенің жекелеген учаскелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қозғалыс шектеледі. Бұл туралы iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы аптада М.Тынышбаев көшесінде А.Байтұрсынов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 30 мамыр мен 2 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

Мамандардың айтуынша, аталған аумақта орташа жөндеу жұмыстары мен жол жабынының жоғарғы қабатын жаңарту көзделген.

Астанада қай көшелерде қозғалыс шектеледі

Осыған байланысты жауаптылар қала тұрғындары мен жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 25-29 мамыр аралығында елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелген болатын.

Соңғы жаңалықтар