• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Дәстүр Кеше

Тарыдан 50 түрлі тағам: Ақтөбеде Шығанақ Берсиев мұрасын ұлықтаған гастрофестиваль өтті

Ақтөбеде тары дақылын өсіруді дәріптеуге арналған «Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, фестивальдің көрме алаңдарын аралады. Сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді сақтау мен өңірде гастрономиялық туризмді дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Ауқымды шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, өңірдің бай мәдени және гастрономиялық мұрасын танытатын жарқын алаңға айналды.

Тарыдан дайындалған елуге жуық тағам түрі ұсынылған көрме-жәрмеңке фестиваль қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар ұлттық тағамдардың алуан түрімен танысып, шоколадты жент әзірлеу бойынша шеберлік сабағына қатысып, дәстүрлі бауырсақ пен самаурыннан құйылған шайдан дәм татты.

Көпшіліктің назары Ойыл ауданының арнайы алаңына түсті. Мұнда тары өсіру және өңдеу тарихына арналған экспонаттар қойылып, дәнді дақылды дәстүрлі тәсілмен дайындау үдерісі көрсетілді. Келушілер атақты тарышы Шығанақ Берсиевтің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі туралы кеңірек мәлімет алып, осы дақылға қатысты ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерімен танысты.

Қазақы тағамның қасиеті

Фестиваль аумағында халық шеберлерінің қолөнер бұйымдары көрмесі де ұйымдастырылды. Қонақтар теріден, киізден, ағаштан және жүннен жасалған авторлық жұмыстарды тамашалап, зергерлік өнер туындыларымен танысты.

Гастрофестиваль аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі ауыл шаруашылығы саласының мамандарын, агрономдарды, қоғам өкілдерін және сарапшыларды біріктірген «Ақтөбе – тарының астанасы» атты дөңгелек үстел болды. Кездесу барысында тары өсіру дәстүрін жаңғырту, оның пайдалы қасиеттері, сондай-ақ өңірдің аграрлық және гастрономиялық әлеуетін дамыту перспективалары талқыланды.

Елімізде ұлттық мұраны дамытуға ерекше ден қойылып келеді. Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде тазылар байқауы өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар