• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Түркістан облысында қараусыз қалған ғимараттан 21 жасар жігіттің мәйіті табылды

Түркістан облысының Леңгір қаласында қараусыз қалған ғимараттан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен биыл 9-сыныпты аяқтаған кәмелетке толмаған қыз ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жасөспірім мен марқұмның арасында не болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар