• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

МАГАТЭ басшысы: Қазақстан Иран уранын қабылдауға дайын

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстан ирандық байытылған уран қорларын қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рафаэль Гросси бұл келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Астанада өткен кездесу барысында қол жеткізілгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл шешім АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келген жағдайда жүзеге асуы мүмкін.

МАГАТЭ басшысы уранды Қазақстанда сақтау АҚШ пен Иран үшін де «қолайлы нұсқа» болуы мүмкін екенін жеткізді. Дегенмен бұл мәселенің іске асуы екі ел арасындағы ядролық келісімдерге байланысты болып отыр. Жуырда тараптар екіжақты талаптарын жариялап, атысты тоқтатуға қатысты 60 күндік алдын ала келісімге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ басшысымен Астанада кездесіп, Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселенің шешілуіне атсалысуға дайын екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар