Елімізде балаларды кибербуллингтен қорғау шаралары күшейтіліп келеді. Мәселен жыл басынан бері елімізде балаларға зиянды деп танылған 7 231 интернет-ресурсқа тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар әлеуметтік желілер әкімшіліктеріне 21 781 материалды бұғаттау жөнінде жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстарға «Кибербақылау» ведомствоаралық жүйесі мен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тартылған. Сол арқылы өткен жылы 40 мыңнан астам интернет-сілтеме балалардың психикалық денсаулығына ықтимал қауіп ретінде анықталған.
Сондай-ақ елімізде оқушыларға бастауыш сыныптан бастап цифрлық сауаттылық негіздерін меңгеру мүмкіндіктері енгізілді. Орта және жоғары сыныптарда бұл бағыт «Информатика» және «Жаһандық құзыреттер» пәндері аясында жалғасады.
Елімізде балалар спортына қандай қолдаулар қарастырылған?
Осы арқылы цифрлық ортадағы балалар қауіпсіздігі отбасы деңгейіндегі ғана емес, мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр.
Еске сала кетейік, елімізде буллингке немқұрайлы қарағандарға 30-80 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.