• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Балалар Кеше

Қазақстанда 1,7 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бүгінде елімізде 1,7 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мектептерінде 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы жоғары сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі.

Мектептегі жеңілдіктерді нақты және ашық есепке алу үшін Цифрлық отбасы картасының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл жүйе мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Елордада жаңартылған 8 аула балалар игілігіне берілді

Сонымен қатар санитарлық қауіпсіздік стандарттары да күшейтілді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңартылған Кодекс аясында мектеп асханаларына проактивті мониторинг енгізілді. Бұл алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізуге жол ашады.

Еске сала кетейік, бүгінде елімізде 1,8 млн-ға жуық бала тұрақты түрде спортпен айналысады.

Соңғы жаңалықтар