• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Астанада 4 жасар қыз жетінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмды

Астанада төрт жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан терезеге ұсталған торымен бірге құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайғылы оқиға Қосшығұлұлы көшесі, 23/2 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін терезеден масаға қарсы қойылған торға сүйенген кезде құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған қыз оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар, дәрігерлер және полиция қызметкерлері жеткен.

Куәгерлердің айтуынша, арнайы қызмет көліктерінің үйге жақындауына ауладағы ретсіз қойылған автокөліктер кедергі келтірген.

Мамандар масаға қарсы қойылатын торлардың баланың салмағын көтере алмайтынын үнемі ескертіп келеді.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты полиция ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады:

балаларды қараусыз қалдырмау; • бала бар кезде терезені ашық қалдырмау; • масаға қарсы торларға сенім артпау, себебі олар баланың салмағын көтере алмайды; • терезелерге арнайы бекіткіштер мен қауіпсіздік құлыптарын орнату; • балалардың терезеге өздігінен жақындауына жол бермеу үшін жиһаздарды терезе маңынан алыс орналастыру.

Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Сондықтан ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруі қажет.

Соңғы жаңалықтар