• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 09:45

Іздеуде жүрген 14 қылмыскер Ресей аумағында ұсталды

Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрліктері қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері Ресей аумағында Қазақстан іздеу жариялаған 27 қылмыскер анықталды. Оның 14-і ұсталып, 13 адамның жүрген жері белгілі болды. Ал қазақ полицейлері Ресей тарапынан іздеуде болған 212 адамды анықтап, олардың 31-ін ұстады, 180 адамның орналасқан жерін тапты.

Ақтауда мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол Бакуге ұшпақ болған кезде қолға түскен. Тергеу мәліметінше, күдікті 2012 жылы Калуга қаласында жасалған адам өлтіру ісіне қатысы бар.

Сондай-ақ Владикавказда аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол Toyota Camry автокөлігін құжаттарын қолдан жасап, сатып жіберген.

Еске салайық, Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды.

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекияда ұсталды.

Соңғы жаңалықтар