• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.  Оңтүстікте кей уақытта 23 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе қаласында да батыс және оңтүстік-батыс желі соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыс желінің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталық пен солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі. Солтүстік пен орталықта шаңды дауыл болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, ал оңтүстік пен таулы өңірлерде кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Қонаев қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады. Іле Алатауының таулы өңірлерінде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел болады.

28 мамыр күні Алматы қаласында жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Бостандық және Медеу аудандарының тау бөктерінде күндіз бұршақ, найзағай және екпіні 25 м/с-қа дейін жететін дауылды жел болады.

Қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

ағаштардың және нашар бекітілген құрылымдардың астында тұрмау; тауға шығуды шектеу; жолда аса мұқият болу.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қатты жаңбыр кезінде:

беткейлердің, жарқабақтардың және тұрақсыз топырақ учаскелерінің маңында болмау; таулы аймақтарға сапарлар мен серуендерден бас тарту; көліктерді беткейлер мен өзен арналарының маңында қалдырмау; жердегі жарықтар, топырақ пен тастардың құлауы сияқты белгілерге назар аудару; көшкін белгілері байқалса, қауіпті аймақтан дереу шығып, 112 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыс желінің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысында түнде облыстың шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел, ал оңтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығыста төтенше өрт қаупі бар. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Таулы аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, таулы өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады.

Жетісу облысында облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз шығыста және таулы аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, шығыста төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігі мен шығысында кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік-батыста, батыста, оңтүстікте және шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі. Солтүстікте қатты жаңбыр мен бұршақ болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында түнде жаңбыр, найзағай және дауылды жел болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік пен орталықта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыс желінің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың оңтүстік-батысында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс пен солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар. Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Астанада жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар