• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:05

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

Астанада жүк көлігі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Тәуелсіздік даңғылындағы Пушкин көшесіне бұрылыс маңында болған.

«2026 жылғы 26 мамырда Mercedes маркалы жүк автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне оңға бұрылу кезінде жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Петропавлда Porsche Cayenne көлігі 12 жастағы қызды қағып кетті

Соңғы жаңалықтар