Астанада 18 жастағы бойжеткен жазушы Бейімбет Майлиннің ескерткішінде фотосессия жасағаннан кейін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео жарияланғаннан кейін полицейлер бойжеткеннің жеке басын анықтады. Ол Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Ол ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары ескерткіштер мен мәдени мұра нысандарына қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті. Ведомство өкілдері ескерткіштерді қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының Ыбықты сай шатқалында болған оқиға бойынша тиісті өкілетті органдар қатаң құқықтық қорытынды шығаруы керек екенін айтты.