Қостанай облысында 5 жасар бала бассейнге батып кете жаздады. Дәрігерлер оқиға орнына жеткен кезде бала клиникалық өлім жағдайында жатқан, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының мәлімдеуінше, оның су астында қанша уақыт болғаны белгісіз.
Атырауда бассейндегі хлордан 14 адам уланды
Дәрігерлер жүрек қызметін қалпына келтіріп, реанимацияны сәтті орындаған. Кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
«Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр», делінген хабарламада.
Еске салайық, осыдан екі жарым ай бұрын екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кеткен еді.