• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 09:00

Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді

Астанада 2026 жылғы Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Биыл мереке 27-29 мамыр аралығында өтеді. Ал айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де елордадағы барлық мешітте оқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрбандық шалу күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек арнайы бекітілген бес орында ғана жүргізіледі.

Байқоңыр ауданында төрт орын анықталды:

«Шанхай» базары; «Баракат» базары; «Жайлау» базары; «Шаушен» шаруа қожалығы.

Ал Алматы ауданында бір орын белгіленген:

«Ет-Хан» ет цехы.

Қала әкімдігі малды арнайы орындардан тыс жерде союға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Сондай-ақ құрбандық қалдықтарын қарапайым қоқыс жәшіктеріне тастауға болмайды. Мамандар етті тек сертификатталған сатушылардан сатып алуға және санитарлық талаптарды сақтауға кеңес береді.

Құрбан айт – мұсылмандардың қасиетті мерекелерінің бірі. Ол қажылық маусымының аяқталуын білдіреді және үш күн бойы аталып өтеді. Діни талаптарға сәйкес құрбандыққа бір жастан асқан қой мен ешкі, екі жастан асқан сиыр және бес жастан асқан түйе шалуға болады.

Құрбандық еті дәстүр бойынша үш бөлікке бөлінеді: бір бөлігі отбасыға қалады, екіншісі туыстар мен көршілерге беріледі, ал үшінші бөлігі мұқтаж жандарға таратылады.

Соңғы жаңалықтар