Зымыран тасығыш 24 мамырда жергілікті уақыт бойынша 23:08-де (Астана уақыты бойынша 20:08-де) елдің солтүстік-батысында орналасқан Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экипаж командирі болып 39 жастағы Чжу Янчжу тағайындалды. Ол Қытай ғарыш тарихында миссияны басқаратын алғашқы бортинженер болып отыр. Ол осымен «Тяньгун» станциясына жасап отырған екінші экспедициясы. Онымен бірге орбитаға ұшқыш Чжан Чжиюань және пайдалы жүктемелер жөніндегі маман Ли Цзяин аттанды.
Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады
Экипаж мүшелерінің бірі станция бортында бір жылға дейін ғарышта ұзақ уақыт үздіксіз болу тәжірибесін өткізетіні хабарланды. Мұндай миссиялардың стандартты ұзақтығы әдетте шамамен алты айдан аспайтын.