Астанада Қошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасы ғимаратының жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына хабарлама түсе салысымен 2 минутта жеткен. Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемеге, сондай-ақ ТЖМ мен ЖАО автобустарына орналастырылған. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылған.
– Өрт 10 шаршы метр аумақты қамтыды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.